20.01.2014, 18:45 5034

Туризм индустриясы комитеті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды туристік саладағы жұмыспен қамту жобасын қарады

Жобаның мақсаты- Қазақстанның барлық өңірлері бойынша Жұмыспен қамту орталықтары арқылы оқыған, сертификаттау кезеңдерінен өткен туризм жөніндегі менеджерлерді даярлау болып табылады. Жобаға сәйкес, онлайн-оқу мен тестілеу жүйесін жүргізумен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Елбасымыздың Жолдауы шеңберінде, туристік саладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жобасын қарады.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Елбасымыздың "Қазақстан жолы-2050: біртұтас мақсат, біртұтас мүдде, біртұтас болашақ" атты халыққа жолдауында айтылған мәселелерді талқылады.

Кеңесте арнайы компьютерлер мен оргтехникалармен жұмыс істеуге қабілетті мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту жөнінде туристік бизнес өкілдерімен мемлекеттік құрылымдардың ықпалдық жүйесін құру бойынша өзара әрекеттесулерінің жобасы қаралды.

Жобаның мақсаты- Қазақстанның барлық өңірлері бойынша Жұмыспен қамту орталықтары арқылы оқыған, сертификаттау кезеңдерінен өткен туризм жөніндегі менеджерлерді даярлау болып табылады. Жобаға сәйкес, онлайн-оқу мен тестілеу жүйесін жүргізумен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Талқылау барысында Қазақстанның ішкі туризмі бағдарламасын дамыту шеңберінде, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған арнайы сайт құру ұсынылды. Кеңестің нәтижесі бойынша, мүдделі мемлекеттік органдарымен және бизнес-қоғамдастықтарымен бірге аталған жобаны жүзеге асыруды пысықтауға шешім қабылдады.

Сонымен бірге, Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мүгедектік тобы мен түрін ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған туристік сапарлармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін атап өтті. Туроператорларының назарларын туризмнің аталған түрін дамытуға аудару бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Мүгедектер үшін қол жетімді орта қалыптастыру бойынша қонақ үйлердің, турбаздардың, отельдердің иелерімен, бағдарларды ұйымдастырушылармен жұмыс жүргізу.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны