19.03.2013, 17:18 3091

Түркияда белгісіз біреулер 22 тонналық көпірді ұрлап кеткен

Болжам бойынша, ұрылар бұл әрекетке темір илектерін тапсыру арқылы ақша табу үшін барса керек.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Түркияда белгісіз біреулер 22 тонналық көпірді ұрлап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Батыс Түркияның Коджаэли облысында қызықты оқиға тіркелді. Онда ұрылар тұтастай темір көпірді ұрлап әкеткен.

Болжам бойынша, ұрылар бұл әрекетке темір илектерін тапсыру арқылы ақша табу үшін барса керек.

Коджаэли облысындағы G?l??k ауылында екі жағаны жалғап тұрған салмағы 22 тонна, ұзындығы 25 метр көпірді жергілікті тұрғындар жеміс бау-бақшасына бару үшін өзеннен өту өткелі ретінде пайдаланған.

Дүйсенбі күні таңертең жергілікті тұрғындар көпірдің жоғалып кеткенін аңғарып, қатты таңғалған, олар бірден бұл оқиға туралы полицияға хабар беріпті. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, көпірді ұрылар бөлшектеп, жүк машинасына тиеп, ұрлап әкеткендігін айтқан. Құлмыстың болжамдық себебі - көпірдің металл бөлшектерін металл илектерін қабылдайтын орындарға өткізу арқылы ақша табу.

Полиция қазір болған жайдың мән-жайын анықтап, кінәлілерді іздестіру үстінде. Ауыл тұрғындарының бірі Мустафа Каракаш әлі күнге мұндай ұрлықтың да боларына сене алар емес, деп жазады Antalya Today.

"Енді біз өзеннің арғы бетіне өту үшін аяқ киімімізді шешіп, жалаң аяқ жалдап өтуге мәжбүрміз", - дейді Каракаш. Сондай-ақ ол осы ауыл тұрғындары ұрыларды сотқа беретіндігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны