18.01.2016, 14:42 4177

Түркияда орта мектепке снаряд түсіп, 2 адам қаза тапты

Түркияныӊ Килис провинциясында Сирия жақтан атылған миномет снаряды Еюп Гөкше орта мектебініӊ бағына және тағы біреуі жақын маӊайға түсті

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркияныӊ Килис провинциясында Сирия жақтан атылған миномет снаряды Еюп Гөкше орта мектебініӊ бағына және тағы біреуі жақын маӊайға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша 09:30-да болған. Алдын ала болжам бойынша жарылыстан 2 адам қаза тауып, тағы 4 кісі жараланған, деп мәлімдеді аймақтық полиция. Айта кетейік, оқиға кезінде мектепте сабақ болып жатқан, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны