24.06.2008, 09:49 1429

Түркіменстанда Халықаралық есірткіні асыра пайдалануға қарсы күрес күніне арналған апталық басталды

Түркіменстанда Халықаралық есірткіні асыра пайдалануға қарсы күрес күніне арналған апталық басталды

Ашхабад. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстанда бүкіл дүниежүзінде 26 маусымда аталып өтілетін Халықаралық есірткіні асыра пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған апталық басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Есірткімен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада айтылғандай, теңіз порттарындағы есіртікінің заңсыз айналымымен күрес проблемалары жөніндегі халықаралық жиналыс осы аптаның басты оқиғаларының бірі болады. Жиналысқа Каспий жағалауы мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, 24 мамырда Ашхабадта Париж пактісінің бастамасымен өткізілетін форум өз жұмысын бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны