05.09.2018, 20:02 4115

Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардыӊ барысы таныстырылды

"Түркістан қаласыныӊ туристік әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы 1 миллионнан астам турист келген болса алдағы уақытта олардыӊ санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта қалаға жаӊа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарлануда.

Түркістан. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы - Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардыӊ барысымен таныстырды. Өӊір басшысы Елбасыныӊ Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек, еліміздіӊ өзге өӊірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті.

Болашақта Қазақстанныӊ ғана емес, бүкіл Түркі жұртыныӊ рухани-мәдени орталығына айналуы тиіс Түркістанныӊ ескі және жаӊа келбетінен халық қалаулыларына фильм көрсетіліп, іскер азаматтарды шаһарды көркейтуде түрлі әлеуметтік нысандар мен ойын-сауық орталықтары сынды халыққа қажетті ғимаратты салуға шақырды.

"Түркістан қаласыныӊ туристік әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы 1 миллионнан астам турист келген болса алдағы уақытта олардыӊ санын көбейту көзделіп отыр. Осы мақсатта қалаға жаӊа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарлануда. Атап айтар болсам, Жаӊа әкімшілік-іскерлік орталығында әкімшілік ғимараты, басқармалара мен департаменттер үйі, драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, 500 орындық мешіт, спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, көрме орталығы, мұражай, опера және балет театры, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтау нысандары және т.б. әлеуметтік-мәдени нысандар құрылыстары мен оларға қажетті инфрақұрылымдар жүргізуіміз қажет", - деді Ж.Түймебаев.

Жаӊа қарқынмен, жаӊа күшпен жұмыс бастауға құлшыныс білдірген жиынға қатысушылар аймақ басшысын бірауыздан қолдады. Халық қалаулыларыныӊ атынан сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев Мемлекет басшысыныӊ 26 жыл бойы кәсіпкерлерге жәрдем көрсетіп келгенін, ендігі кезекте, іскер кәсіпкерлердіӊ елге, мемлекетке қызмет ететін уақыты келгенін айтып өтті.

Жиында белгілі болғандай, жаӊа облыс орталығы - Түркістанда белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Серікжан Сейітжанов "Rixos" бес жұлдызды қонақ үйі сияқты мейманхана салуды бастап кетсе, түріктіӊ іскер азаматы да бес жұлдызды екінші қонақ үйді тұрғызудыӊ жобасын түзіп қойған. Ал облыстық мәслихаттыӊ хатшысы, кәсіпкер Қайрат Балабиев спорт фитнес орталығын салуды ұйғарып қойған. Мұнан бөлек, бірқатар іскер азаматтар өзге де әлеуметтік, мәдени нысандарды салуға ниеттеніп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны