30.10.2016, 00:13 5921

Түркістан қаласында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеӊесініӊ көшпелі отырысы өтті

Түркістан қаласында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеӊесініӊ көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Шымкент. 29 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеӊесініӊ көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Қ.А. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, ата-баба рухына құран бағыштаудан басталған басқосу Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да жалғасын тапты.

Жиында баяндама жасаған Кеӊес төрағасы Орынбай Рахманбердиев Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ сессиясында мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев республикамыздыӊ барлық өӊірінде қоғамдық келісім кеӊестерін құру жөнінде тапсырма бергендігін атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында облысымыздыӊ барлық аудан, қалаларында 201 Қоғамдық келісім кеӊестері құрылып, елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту бағытында нәтижелі жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

Келелі басқосуда зиялы қауым өкілдері мен аудан, қала әкімдерініӊ орынбасарлары елдіӊ бірлігін бекемдеу бағытындағы ойларын ортаға салды.

Жиында облысымызда жұмыс істеп жатқан барша кеӊестердіӊ басын қосатын "Келісім" қауымдастығын құру жөніндегі ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары М. Қалмұратовтыӊ ұсынысына көпшілік қолдау білдірді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында ел бірлігі туралы:

"Жаӊа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеӊберінде қабылданған жаӊа заӊдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаӊа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздыӊ мойнымызда еліміздіӊ болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздыӊ игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезеӊ біз үшін еӊсеру кезеӊі болады. Біз жаӊа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеӊеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігініӊ берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудыӊ жаӊа шептеріне шығаратын боламыз!

Қымбатты қазақстандықтар! Дағдарыстардыӊ бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәӊгі. Мен айтып өткенніӊ барлығы жеӊуге болатын, біз жеӊе алатын бөгеттер. Біз көлденеӊ шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еӊбегі ерен, бірлігі мығым Мәӊгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктіӊ туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздіӊ тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздіӊ тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік!",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны