28.05.2008, 18:49 3284

Түркістан қаласының әкімі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Түркістан қаласының әкімі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Шымкент. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің идеологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне бұрын Түркістан қаласының әкімі болған Или Бектаев тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

И. Бектаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары болып тағайындалған Дархан Мыңбайдың орнына жайғасты. Бұрын И. Бектаев облыс әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өзінің еңбек жолын И. Бектаев Ленгір ауданының Сейфуллин атындағы ауылдың бас инженері болып бастаған. Содан кейін әртүрлі құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2000 жыл мен 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданының әкімі болып тұрған. 2002 жылдан 2006 жылға дейін облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болған. 2006 жылдан бастап соңғы уақыттарға дейін Түркістан қаласының әкімі болып қызмет атқарған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, И. Бектаев Қазығұрт ауданының әкімі болып тұрған кезде кезінде Нұқ пайғамбар кемесімен бірге Қазығұрт тауына келіп тоқтаған деген ақпарат кең таралған. И. Бектаев облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болып тұрған кезде бұл идея жалғасын тауып, Шымкент - Ташкент автожолының маңындағы жотаға кеменің үлгісін салу түрінде көрініс тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны