21.11.2018, 13:11 9035

Түркістан облысы бойынша 1 791 201 электрондық денсаулық паспорты жасақталды

2018 жылы облыста 15 ауылдық емхана мен 5 дәрігерлік амбулатория 20 Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) болып қайта құрылған.

Түркістан. 21 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облысы бойынша 1 791 201 электрондық денсаулық паспорты жасақталды. Бұл өӊір халқыныӊ 98 пайызын құрайды. Сондай-ақ, облыстағы барлық медицина қызметкері ақпараттық жүйе бойынша оқытылып, 290 668 азамат мобильдік қосымшаны пайдаланған. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, электрондық медициналық жазулар саны 1 701 891-ге жетіп, еӊбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада 52 563 адамға берілген. Аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посттары ашылып, онда 408 201 адам оқытылды.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, облыстағы медицина ұйымдарыныӊ жабдықталуы 65 пайыздан асқан.

"Ағымдағы жылы медициналық ұйымдардыӊ материалдық-техникалық жабдықталуына 8,1 млрд. теӊге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып отыр. Бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау, жедел жәрдем қызметін күшейтуге және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыруға басымдық беріліп отыр. Бұдан өзге, Түркістан қалалық емхананыӊ және Түркістан қаласындағы 610 төсек орынға арналған облыстық көпсалалы аурухананыӊ, сондай-ақ облыстық туберкулезге қарсы және онкологиялық орталықтардыӊ құрылысын жүргізу, Түркістан қаласында облыстық жедел жәрдем стансысын жаӊғырту және пайдалану жобалары жоспарлануда", - деді Мұқан Кеӊесбекұлы.

Оныӊ мәлімдеуінше, 2018 жылы облыста 15 ауылдық емхана мен 5 дәрігерлік амбулатория 20 Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) болып қайта құрылған. Сонымен қатар, Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, облыстық бюджет есебінен 3 дана компьютерлік томограф сатып алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны