30.10.2018, 15:16 6902

Түркістан облысында халықаралық "SAFARI SHARDARA" фестивалі өтті

Фестиваль су айдынындағы қайықтардыӊ шоуымен жалғасты. Онда сайысқа қатысқан 15 балықшы қайықпен жағалауға келіп, еліміздіӊ Туын желбіретті.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Шардара ауданы "Аққала" демалыс аймағыныӊ жағалауында алғаш рет "SAFARI SHARDARA" атты фестиваль өтті. Айтулы шарада өӊірдіӊ туристік әлеуетін арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды.

Фестиваль балық аулаушылар жарысымен басталды. Кейін халықаралық деӊгейдегі сайыстарға ұласып, бір сәтте бірнеше спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, желкенді қайық, академиялық есу, жағажай волейболы мен футболы, қол күресі, гир көтеру, арқан тарту, бөренге өрмелеу, қошқар көтеру сынды жарыстардан сайыпқырандар бақ сынады. Сондай-ақ, қонақтар Шардара ауданыныӊ тарихымен, ауыл шаруашылығы өнімдері және ұлттық қолөнер көрмесімен танысты.

Одан соӊ шара сахналық көрініспен жалғасып, фестивальдіӊ басталуынан хабар беретін дауылпаздар дабыл қақты. Шардара ауданыныӊ өнерпаздары арнайы мерекелік "Safari Shardara" әнін орындады. Кейін Түркістан-Отырар-Шардара бағытында жүріп өткен мотобайкерлер сахна алаӊында MOTOKROSS өнерін көрсетіп, жиылған қауымды тамсандырды.

Фестиваль су айдынындағы қайықтардыӊ шоуымен жалғасты. Онда сайысқа қатысқан 15 балықшы қайықпен жағалауға келіп, еліміздіӊ Туын желбіретті. Балықшылардыӊ соӊынан байдарка есушілер өнер көрсетті. Кейін "Қазына", "Шамсинур" би топтары және цирк өнерпаздары хореографиялық композиция орындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны