22.07.2018, 20:13 5761

Түркістан облысында М.Тынышбаев салдырған туннельге тақта орнатылды

Деректерге сүйенсек, Мұхамеджан Тынышбаев 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда туннельді салуға өлшеусіз үлес қосқан. Алаш қайраткерініӊ басшылығымен Ресейдіӊ теміржол құрылысшылары мен жергілікті тұрғындардыӊ атсалысуымен ұзындығы 1 шақырым, биіктігі 6 метр, ені 8 метрді құрайтын темір жол туннелін салдырыпты.

Түркістан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылыныӊ тұсында 1 ғасырдан аса тарихы бар теміржол туннелі бар. Онда көрнекті Алаш қайраткері, тұӊғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевтыӊ қолтаӊбасы қалған.

Деректерге сүйенсек, Мұхамеджан Тынышбаев 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда туннельді салуға өлшеусіз үлес қосқан. Алаш қайраткерініӊ басшылығымен Ресейдіӊ теміржол құрылысшылары мен жергілікті тұрғындардыӊ атсалысуымен ұзындығы 1 шақырым, биіктігі 6 метр, ені 8 метрді құрайтын темір жол туннелін салдырыпты. Кейін 1950 жылы жаӊа үлгідегі тепловоздар шығып, вогондардыӊ көлемініӊ ұлғаюына байланысты туннельді пайдалану мүмкін болмағандықтан айналма темір жол салынған. Осы тарихи орынды автор есімімен жаӊғырту мәселесін ауыл ақсақалдары көтеріп, бүгінде арнайы ескерткіш тақта орнатылып отыр. Жергілікті ардагерлер "Ұлт қайраткерлерініӊ еӊбектерін, ізі қалған осындай жобаларын таныту, насихаттау - өскелеӊ ұрпақ үшін маӊызды. Бұл Елбасымыздыӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласымен де үндесіп жатыр" дейді.

Мұхамеджан Тынышбаев - Алаштыӊ ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы әрі ағартушы, қазақтан шыққан тұӊғыш инженер есебінде тарихта қалған. Ол 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланған. Кейін М.Тынышбаев Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907-1914 жылдар аралығында Имудария үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат-Индіжан теміржол құрылысына бас инженер есебінде қатысады. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. 1921-1922 жылдары Түркістан кеӊестік автономиясыныӊ Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған "Талап" атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Оныӊ ел алдындағы елеулі еӊбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде атсалысуы. 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеӊестік автономиясында жаӊа астананы (Қызылорда) жасақтау ісініӊ бас инженері. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу-Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілген.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны