25.07.2018, 23:07 4554

Түркістан облысында педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған

"Бүгінгі таӊда жүйеде 2500-ге жуық пайдаланушыса болса, онда 500-ге тарта бос жұмыс орны орналастырылған. Қазір жоба арқылы 26 өтініш түсіп отыр. Бұдан өзге, облыс бойынша 456 639 бала санымен 901 жалпы білім беру мектептері бар. Қазіргі таӊда Түркістан облысы бойынша мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау процесініӊ автоматтандырылған mektep.sitcen.kz порталы іске қосылды", - деді Бастар Иуелханұлы.

Түркістан. 25 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында цифрландыру жүйесін дамыта түсу мақсатында білім беру саласы бойынша педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған. Облыс бойынша жұмыс іздеу және жұмыссыздық пайызын төмендетіп, қолжетімділікті және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін "jumys.sitcen.kz" жүйесі енгізілді. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасыныӊ басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, бұрын педагогикалық лаузымға үміткерлер мен педагогикалық жоғары оқу орындарыныӊ түлектері бос орындар туралы мәлімет алу үшін әр мектепті аралау қажет болатын болса, электронды жүйе арқылы өтінішті онлайн-режимде тапсырып, ашық конкурстық іріктеуден де өтуіне мүмкіндік береді

"Бүгінгі таӊда жүйеде 2500-ге жуық пайдаланушыса болса, онда 500-ге тарта бос жұмыс орны орналастырылған. Қазір жоба арқылы 26 өтініш түсіп отыр. Бұдан өзге, облыс бойынша 456 639 бала санымен 901 жалпы білім беру мектептері бар. Қазіргі таӊда Түркістан облысы бойынша мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау процесініӊ автоматтандырылған mektep.sitcen.kz порталы іске қосылды", - деді Бастар Иуелханұлы.

Сондай-ақ, "Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекке қою және жолдама беру" процесін автоматтандыру жүйесі 358 мекемені қамтып отыр. Басқа аудандар мен қалаларда жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйелер түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, азаматтар үшін барынша ашық түрде және қолайлы болуын қамтамасыз етеді.

"Бүгінгі таӊда орта білім беру салаларында мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастық аясында "Күнделік" электронды журналдар мен күнделіктердіӊ бірыӊғай ақпараттық жүйесі" енгізілуде. Қазір 901 мектептіӊ 87 пайызы жобаға тіркеліп, жұмыс жүргізуде", - деді Бастар Есқараев.

Ағымдағы жылы Түркістан облысында цифрлық білім беру ресурстарын енгізу аясында 1500 BilimBook ноутбуктарын және 200-ге жуық интерактивті панелдерін сатып алынып, нәтижесінде оқушыларды компьютерді қамту деӊгейі едәуір артатын болады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны