12.09.2018, 23:04 3946

Түркістан облысыныӊ Арыс қаласында орта мектептіӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті

Айта кетейік, бүгінгі таӊда Арыс қаласында апатты мектептер мен үш ауысымда білім беретін мекемелер жоқ. Қала аумағында 40 білім ошағы болса, оныӊ 26-сы жалпы орта мектеп статусын иеленсе, 5-уі бастауыш, ал 9-ы шағын жинақты мектептер қатарына кіреді.

Түркістан. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында "Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздіӊ қанымызда бар қасиет. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жете алады" - деген болатын.

Осы орайда, жаӊадан салынған Дермене ауылдық округі, Саналы елді мекенінен 150 орындық "Қаражантақ" жалпы орта мектебініӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Білім ошағыныӊ ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, "Нұр Отан" Партиясы Арыс қалалық филиалыныӊ төрағасы И.Қалиев, қалалық білім бөлімініӊ басшысы И.Мұсаев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еӊбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған. Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйініӊ өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, бүгінгі таӊда Арыс қаласында апатты мектептер мен үш ауысымда білім беретін мекемелер жоқ. Қала аумағында 40 білім ошағы болса, оныӊ 26-сы жалпы орта мектеп статусын иеленсе, 5-уі бастауыш, ал 9-ы шағын жинақты мектептер қатарына кіреді.

Арыс қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны