14.07.2018, 19:48 4921

Түркістан облысыныӊ Отырар ауданында Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді

Онда 140 орындық "Алпамыс" бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық "Біләл ата" бөбекжай және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы тапсырылды.

Түркістан. 14 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ Отырар ауданында Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді.

Онда 140 орындық "Алпамыс" бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық "Біләл ата" бөбекжай және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы тапсырылды.

Аталған нысандардыӊ ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл игі істер Елбасы саясатыныӊ арқасында жүзеге асып отырғанын атап өтті.

"Жалпы облыста 1790-дай балабақша болса, соныӊ 1 мыӊға жуығы жекеменшік. Мұныӊ барлығына мемлекеттен қаржы беріліп отыр. Осыныӊ арқасында балаларды балабақшамен қамту көлемі артып отыр. Бұл мемлекетте жүргізілген саясаттыӊ нәтижесі мен жемісі деп білемін. Балабақшамен қамту бойынша Қазақстан бүкіл дүниеде алдыӊғы қатарда. Шетелде әр балаға 400 доллардан төлейді. Еуропадағы еӊ мықты деген елдердегі көпшілік балабақшадағы әрбір топта жатын бөлме, ойнайтын бөлме жоқ. Ал бізде Мемлекет басшысымыз болашақ ұрпаққа жақсы жағдай жасап отыр",-деді әкім.

Аталған бөбекжайларда жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерініӊ өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне, осы заманныӊ үлгі жақтары түгел жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаӊына да ерекше көӊіл бөлінген. Өйткені, мұнда бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардыӊ спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Бұдан бөлек, өӊір басшысы Темір ауылында ашылған 200 орындық мәдениет үйініӊ жұмысымен танысты.

"Ұлт руханияты мен мәдениеті жолындағы еӊбектеріӊізге шығармашылық табыс тілеймін."Мәдениет деген ұғым аясында - адам онсыз өмір сүре алмайтын аса нәзік құбылыстар тоғысқан", - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев айтқандай, дүниеніӊ әдемілігі өнермен байланысты. Ирбір елдіӊ рухани күші - оныӊ мәдениетімен өлшенеді. Ұлт Көшбасшысы айтқан "Қазақ өркениетініӊ алтын діӊгегі" Отырар даласы руханият пен мәдениеттіӊ ошағы дер едім",-деді өз сөзінде Ж.Түймебаев.

Айта кетейік, Отырар ауданынан - киелі өӊірден кезінде өнер-ғылымныӊ жетпіс жеті түрін меӊгерген Ибу Насыр әл-Фарабидан бастап, Мәделі, Майлықожа, Ергөбек Қызыл жырау (Мырзабек), Елеусіз, Айтбай, Мұхтар Шаханов, Тәушен Ибуова, Иселхан Қалыбекова, Көпен Имірбек, Бекарыс Шойбеков, Анар Жаппарқұлова, Маржан Есжанова, т.б. ақындар. Шәмші Қалдаяқов, Мыӊжасар Маӊғытаев сынды атақты композиторлар мен аса көрнекті коғам, мемлекет қайраткері этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібеков пен Ибіш Байтанаев, Ибдірахман Омбаев, Құлбек Ергөбек сынды көрнекті ғалымдар және Асантай Илімов, Адасқан Алтаев секілді өлкетанушы "Музей-адамдар" шыққан.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны