06.07.2018, 14:47 5101

Түркістанда әйгілі Темуридтер музейініӊ көрмесі ашылды

"Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясыныӊ Темуридтер тарихы мемлекеттік музейініӊ ұйымдастыруымен "Тимуридтер тарихы музейініӊ жауһарлары" тақырыбындағы фото-кітап көрмесініӊ салтанатты түрде ашылуы өтті.

Түркістан. 6 шілде. Kazakhstan Today - "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясыныӊ Темуридтер тарихы мемлекеттік музейініӊ ұйымдастыруымен "Тимуридтер тарихы музейініӊ жауһарлары" тақырыбындағы фото-кітап көрмесініӊ салтанатты түрде ашылуы өтті.

Аталған көрме - Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

"Темуридтер тарихы" Мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті Ислам Каримовтыӊ бастамасымен 1996 жылы Имір Темірдіӊ 660 жылдығына орай құрылған.

1000-ға жуық жәдігерлері бар "Темуридтер тарихы" музейі қорында Өзбекстан тарихын көрсететін бірегей бұйымдар жинақталған. Олардыӊ қатарында түрлі қолжазбалар мен хаттар, алтын, күміс және мыс монеталар, керамикалық, қола және мыс бұйымдары, Имір Темір және Темуридтер дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер сақтаулы.

Көрменіӊ мақсаты - өӊірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және музей ісін дәріптеу болып табылады.

Көрменіӊ арнайы ашылуында "Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ директор орынбасары Серік Үркімбаев қос еларасындағы құндылықтарды дәріптеуге арналған шараныӊ маӊыздылығына тоқтала келе, достық қарым-қатынастыӊ одан әрі дамуына тілектестігін білдіріп, қонақтарға алғыс хат және кәдесыйлар мен музейдіӊ баспа өнімдерін табыстады.

Темуридтер тарихы мемлекеттік музейініӊ директоры Файзиев Хуршид мырза да музейдіӊ тарихына тоқталып Түркістан жүртшылығына Өзбекстан мемлекетініӊ ыстық сәлемін жеткізді. "Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ ұжымына да зор алғысын білдірді.

Өзбекстандық қонақтармен бірге келген тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Абдумажид Мадраимов "Изірет Сұлтан" қорық-музейі кітапханасына "Жемчужины Государственного музея истории Тимуридов" альбом-каталогын және "Адолатва Қудрат Тимсоли" кітабын сыйға тартты.

Тарихи танымдық көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайтын болады.

"Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны