09.10.2018, 13:08 4831

Түркістандықтар елбасы жолдауын талқылап, жаӊа міндеттерді жүзеге асыруға кірісті

Жалпы, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жұмыстарын жалғастырып, бұл мақсатта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясын мейлінше тікелей қарым-қатынасты азайту арқылы электронды форматқа көшу шараларын жүзеге асырмақ.

Түркістан. 9 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті.

Актив жиналысын ашып беріп, жүргізіп отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттыӊ мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оныӊ қазақстандықтардыӊ табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтыӊ өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын жеткізді. Ел Президентініӊ Жолдауындағы әрбір тармақты талқылаған аймақ басшысы ондағы міндеттерді Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстармен байланыстыра баяндады.

"Елбасы "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды жүктей отырып, оныӊ болжамды нәтижелерін де атап өтті. "Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теӊге бөлуді қарастыру қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теӊге салық түсіруге және 3 триллион теӊгеніӊ өнімін өндіруге мүмкіндік береді", - деді Президентіміз. Бұл тапсырма да жаӊадан құрылған Түркістан облысында да кәсіпкерлік саласыныӊ одан әрі дамуына тыӊ жол ашады", - деді Ж.Түймебаев.

Отырыста, сонымен бірге, облыс әкімі Жолдауда айтылғандай, ел экономикасын алға сүйрейтін, атап айтқанда, индустрияландыру, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, туризм, агроөнеркәсіп сынды салалардыӊ өӊірдегі көрсеткішімен, алдағы даму жоспарларымен бөлісті.

Мемлекет басшысыныӊ саяси құжатындағы міндеттерді насихаттауда мінберге бірқатар азаматтар шығып, өз ойларын ортаға салды. Олардыӊ ішінде, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетініӊ доценті, тарих ғылымдарыныӊ докторы Тұрсын Маханұлы, "Бөрте Милка" кәсіпорныныӊ құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Ибішев, Сайрам аудандық қоғамдық кеӊес төрағасы, ардагер ұстаз Амангелді Қабылбеков, Қазақстан өзбектері "Дустлик" қауымдастығыныӊ төрағасы Икрам Хашимжанов және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетініӊ 4-і курс студенті, "Түркістан студенттері альянсы" қоғамдық бірлестігініӊ мүшесі Алуа Тұрсынхан да бар.

Актив соӊында Ж.Түймебаев Елбасы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, еӊ алдымен, оныӊ тиісті деӊгейде түсіндіріліп, БАҚ-та насихатталуын облыстық ішкі саясат басқармасына тапсырды. Насихаттау шаралары, сондай-ақ, облыстық білім, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармалары мен аудан, қала әкімдіктеріне, сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалына да жүктелді.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердіӊ еӊбекақысын қайта есептеп, қажетті қаржыны анықтау шараларын жүргізуді жүктеп, жергілікті бюджет есебінен білім, денсаулық сақтау, ішкі істер және басқа да сала мамандары үшін жеӊілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін шешу жолдарын қарастырып, нақты ұсыныс енгізуді тапсырса, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына "Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасыныӊ қолдану мерізімініӊ 2025 жылға дейін ұзаруына орай, тиісті шараларды жүзеге асыруды міндеттеді. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы еӊбек өнімділігін және қайта өӊделген ауыл шаруашылық өнімініӊ экспортын көбейту бойынша нақты шараларды жүзеге асыратын болса, білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту мақсатында тиісті министрлікпен жол картасын әзірлеуді міндетіне алды. Ал денсаулық сақтау басқармасы бұдан кейін медициналық қызмет көрсету мекемелерініӊ толыққанды электронды құжат айналымы жүйесіне өтуді қамтамасыз етпек. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп тұрғындардыӊ бұқаралық спорт пен дене шынықтырудыӊ қол жетімділігін арттыру мақсатында арнайы спорт кешендерін салу және аула мен саябақтарды арнайы дене шынықтыру құралдарымен жабдықтау жолдарын жүзеге асыратын болды. Жалпы, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жұмыстарын жалғастырып, бұл мақсатта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясын мейлінше тікелей қарым-қатынасты азайту арқылы электронды форматқа көшу шараларын жүзеге асырмақ.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны