09.10.2018, 14:18 5146

Түркістанға келетін туристердіӊ санын 5 миллионға жеткізу көзделуде

Түркістанныӊ тариxи құндылықтарын сақтау, одан ары көркейту, Қожа Аxмет Яссауи кесенесі негізінде мәдени-руxани орталықты сақтау және әкімшілік-іскерлік орталықты құруға ерекше көӊіл бөлінуде.

Түркістан. 9 қазан. Kazakhstan Today - Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында Елбасыныӊ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫӉ ИЛ-АУҚАТЫНЫӉ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысыныӊ аталған саяси құжатта туризм саласын дамытуға ерекше назар аударғанына тоқталып, бұл жұмыстардыӊ бұрыннан-ақ қолға алынған жоспарларымен бөлісті.

"Мемлекет басшысы: "Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көӊіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс" деді. Мұндай шешім облысымызға келетін шетелдік туристердіӊ санын еселеп арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жарты жылдыӊ өзінде Түркістанға 720 мыӊға жуық адам сапарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 57,2 пайызға өсті. Жақын арада облыс орталығына келетін 1 миллионыншы туристі күтетін боламыз. Түркістан облысында туризмді кешенді дамыту мақсатында 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Таяуда Түркістан қаласында Бірінші "Көне Түркістан - Жаӊа мүмкіндіктер" атты халықаралық инвестициялық және туристік Форумы өтті. Аталған Форумға 19 шетел және қазақстандық 500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде, 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 19 құжатқа қол қойылды", - деді әкім.

Бұл Түркістандағы туризмді дамытуға бағытталған мысалдардыӊ біреуі ғана. Ал жалпы, жан-жақты қолға алынып, түрлі жұмыстарды жүзеге асырудыӊ нәтижесінде, яғни, арнайы түзілген 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы аясында облысқа келетін туристердіӊ санын 5 миллионға жеткізу межеленіп отыр. Ол үшін жасалған жоспар көп. Мәселен, облыс орталығында тарихи этнотуризмді дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Ол үшін Түркістан қаласындағы "Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ даму жоспары түзілген. Жоспарға сәйкес, бірінші кезекте Түркістанныӊ ежелгі қоныстарыныӊ бірі - Күлтөбе қалашығы қайта жаӊғыртылады. Ибілмәмбет хан мен Тәуке ханныӊ ордалары, олардыӊ жанындағы ортағасырлық үлгідегі мешіті және басқа да бірқатар нысандар толық қайта қалпына келтіріледі.

Түркістанныӊ тариxи құндылықтарын сақтау, одан ары көркейту, Қожа Аxмет Яссауи кесенесі негізінде мәдени-руxани орталықты сақтау және әкімшілік-іскерлік орталықты құруға ерекше көӊіл бөлінуде.

Алдағы уақытта Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай келетін әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал салу жоспарланып отыр. Туристерге сервистік қызметті жетілдіру мақсатында Түркістанда заманауи қонақ үйлер мен демалыс орындарын ашуға инвесторлар тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Бұл тұста Елбасыныӊ таяудағы облысымызға ресми сапарында отандық ірі кәсіпкерлер мен Ұлттық компанияларға Түркістанға бір-бірден қажетті ғимараттар мен мәдени-іскерлік нысандарды салып беруді тапсырғаны есімізде.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны