18.06.2012, 13:01 4606

ҰБТ білім деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігін көрсетті

Көрсеткіш былтырғыға қарағанда 16 пайызға төмен. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - ҰБТ білім деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігін көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көрсеткіш былтырғыға қарағанда 16 пайызға төмен. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Баяндама барысында министр ҰБТ көрсеткішінің төмен болуына қатысты бірқатар себептерді атап өтті. "Біріншіден, биыл ұйымдастыру жұмысы аса жоғары деңгейде болды. Екіншіден, біз жыл сайын тестілеу тапсырмаларын 30 пайызға ауыстырып отыруға тиіс едік. Өкінішке қарай, бұл мәселе соңғы жылдары жүргізілмей келді. Сондықтан да, оқушылардың өздері "қалталарындағы" сұрақтың кезікпегеніне таңғалған болар. Дегенмен, билет тапсырмаларының бәрі мемлекеттік стандарттар шеңберінде жүзеге асып отыр", - деді Б. Жұмағұлов.

Министрдің айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша қатысушылардың 36 пайызы немесе 47 мың түлек сынақ "табалдырығын" еңсере алмаған. "Менің ойымша, бұл біздің министрлік үшін жеңіс емес. Я, тестілеу ашық, транспорентті әрі ұқыпты өтті. Дегенмен, төменгі көрсеткіштің өзі оқушыларға беретін білім беру мәселесін қайта қарау қажеттігін білдіретін тәрізді. Білім деңгейі әлі де жеткіліксіз болып отыр", - деді Б. Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны