13.06.2016, 19:12 4527

ҰБТ-де 16,5 мыӊнан астам түлек 100 балдан жоғары жинады - ҚР БҒМ

Тестілеуге өтініш берген 86999 түлектен 84079 бітіруші қатысты, соныӊ ішінде қазақ тілінде - 61739, орыс тілінде - 22340 бітіруші.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 2-9 маусым аралығында өткізілген Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ (ҰБТ) нәтижелері бойынша мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады, деп мәлімдейді ҚР БҒМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомствоныӊ мәліметінше, тестілеу республиканыӊ барлық облыс және басым көпшілігі аудан орталықтарындағы 165 тестілеуді өткізу пунктерінде өткізілді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Тестілеуге өтініш берген 86999 түлектен 84079 бітіруші қатысты, соныӊ ішінде қазақ тілінде - 61739, орыс тілінде - 22340 бітіруші.

"Тестілеудіӊ нәтижесі бойынша шекті 50 баллды 14252 түлек (16,95%), оныӊ ішінде қазақ тілді оқыту бойынша 10267, орыс тілді оқыту бойынша 3985 оқушы жинай алмады. Бес пәннен 100 баллдан жоғары жинаған түлек саны - 16565. Мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады", - делінген БҒМ хабарламасында.

Сондай-ақ, тестілеудіӊ жеті күнініӊ нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды және нәтижелері жойылды.

Тестілеудіӊ барлық 8 күні бойынша Республикалық апелляциялық комиссияныӊ қарауына барлығы 547 өтініш келіп түсті. Оныӊ ішінде 141 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудіӊ сегіз күнінде қолданған тест тапсырмаларыныӊ 0,14%-ын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды. Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудыӊ негізгі себебі: әртүрлі авторлардыӊ оқулықтарындағы оқылудыӊ айырмашылығы; техникалық себептер, оныӊ ішінде баспалық қателер.

"Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттыӊ негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті еӊ төменгі баллды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы", - деп түсіндірді ҚР БҒМ-де.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны