27.03.2007, 18:30 3318

ҮІ Еуразиялық МедиаФорумға әлемдік саясаттың гуманистік сипаттан айрылуы тақырыбы арқау болмақ

АЛМАТЫ. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда 19-21-сәуірде өтетін ҮІ Еуразиялық МедиаФорумға әлемдік саясаттың гуманистік сипаттан айрылуы тақырыбы арқау болмақ. Бұл туралы форумның бас продюсері Владимир Рерих бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"МедиаФорумға әлемдік саясаттың гуманистік сипаттан айрылуы тақырыбы арқау болмақ",- деді В.Рерих. "Ирине, әңгіме өзегі Ирактағы соғыс туралы, Иранға шабуыл жасалу мүмкіндігі, Ауғанстандағы әлі тұтанып жатқан қақтығыстар туралы, Ирактағы азаматтық соғыс туралы, Саддам Хусейн мен оның үзеңгілестерін варварлықпен дарға асу туралы болмақ. МедиаФорумның алғашққы күні бір осы тақырыптарды қаузайтын боламыз",- деді ол.

В.Рерих "лондондық әріптестердің осындай тақырыптар топтамасымен келіспегенін" атап өтті.

Өз кезегінде Еуразиялық МедиаФорумның бас директоры Лариса Пак шараға қатысушылар мен қонақтардың аты-жөнін атады. "Иран Ислам Республикасының бұрынғы президенті Мұхаммед Хатами, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы, бұрынғы үкімет басшысы Евгений Примаков Еуразиялық МедиаФорумға қатысатындықтарын хабарлады",- деді Л.Пак. "Біз сонымен бірге Еуразиялық МедиаФорумға дәстүрлі қатысушыларды күтеміз",- деді ол.

Форумды ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан жағынан публицист-ғалым, Ұлттық кітапхананың бас директоры Мұрат Иуезов, сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, сыртқы істер министрі Марат Тәжин, мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев сынды тұлғалар қатысады.

Ресейден Ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль, жазушы-публицист Сергей Кара-Мурза мен Ресей БАҚ-тарының басқа да бірқатар өкілдері келмекші.

В.Рерихтың хабарлауынша, форумға Ксения Собчак та қатысатындығын хабарлады. "БАҚ-тардың "гламур" немесе "сауықшылдыққа" бой алдыруы" тақырыбы тек тек осы "гламурды" дүниеге әкелетін адамның ғана емес, осынау "гламурға белшесінен батқан" шынайы ахуалдың кейіпкерінің де қатысуын талап етеді",- деді ол.

"Қазіргі жағдаймен Еуразиялық МедиаФорумның бағдарламасы жасалып, негізгі қонақтар анықталды",- деді Л.Пак.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны