20.12.2012, 17:08 2835

Үкімет басшысының орынбасары Батыс Қазақстандағы ірі мал бордақылау кешенінде болды

Аталмыш кешен 2010 жылы пайдалануға берілді. Құны 3,2 млрд. теңгеге бағаланған бұл жобаның нәтижесінде 118 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда орташа жалақы 55 мың теңге көлемінде. Кешен 118 га аумақты алып жатыр. Кешен құрамажем зауыты, дән қоймасы, қоражай, мал сою және бөлшектеу цехы, қалдықтарды қайта өңдеу, етті сақтауға арналған тоңазытқышты камералар, тағы басқалардан тұрады.

Орал. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Батыс Қазақстан облысына келген жұмыс сапары барысында Зеленов ауданы Янайкин ауылындағы "Кроун Батыс" ЖШС-ның мал бордақылау кешенінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш кешен 2010 жылы пайдалануға берілді. Құны 3,2 млрд. теңгеге бағаланған бұл жобаның нәтижесінде 118 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда орташа жалақы 55 мың теңге көлемінде. Кешен 118 га аумақты алып жатыр. Кешен құрамажем зауыты, дән қоймасы, қоражай, мал сою және бөлшектеу цехы, қалдықтарды қайта өңдеу, етті сақтауға арналған тоңазытқышты камералар, тағы басқалардан тұрады.

Экспортқа өнім шығаруға бағыт ұстаған кешенде мал төлін 8 айдан 15-18 айға дейін жеделдетіп семірту көзделген. Кешен толық қуатына көшкенде, сыртқа 2073 тонна ет өнімдерін жөнелте алады. Басқа өнімдері де жерде қалмайды.

2011 жылы мұнда 806 бас ірі қара сатып алынып, 397 тонна ет өндірілді. Оның 65 тоннасы көршілес Ресейге жөнелтілді.

Бөлінген 500 млн. теңге несие қаражаты есебінен кәсіпорында ірі қара малын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қазір кешенде 1600 бас мал бар, таяуда оның санын 4500 басқа жеткізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны