06.03.2012, 13:03 3500

Үкімет "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын сәуірде қабылдамақ

Жиын барысына аталған бағдарламаның жан-жақты талқыланғандығын атап өткен ол өзінің бірінші орынбасарына қайырылып: "Серік Нығметұлы, сізге бағдарламаның кураторы ретінде бүгінгі талқылаудағы пікірлерді ескере отырып, наурыздың ішінде осы мәселеге арналған экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді тапсырамын. Яғни сәуір айында біз бағдарламаны қабылдай алуымыз үшін", - деді.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Үкімет "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын сәуірде қабылдамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жиын барысына аталған бағдарламаның жан-жақты талқыланғандығын атап өткен ол өзінің бірінші орынбасарына қайырылып: "Серік Нығметұлы, сізге бағдарламаның кураторы ретінде бүгінгі талқылаудағы пікірлерді ескере отырып, наурыздың ішінде осы мәселеге арналған экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді тапсырамын. Яғни сәуір айында біз бағдарламаны қабылдай алуымыз үшін", - деді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын арнаған Елбасы Үкіметке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны