04.08.2015, 12:28 3707

Ұландық жауынгерлер қызметке жаӊа киім үлгісінде кірісті

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 5573 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан жауынгерлері кезекті қызметтерін жаӊа киім үлгісінде бастады. Астана бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскерилер үшін жаӊа киім үлгісі еӊ алдымен қалалық жағдайда қызмет атқаруға ыӊғайлылығымен ерекшеленіп отыр

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты 5573 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан жауынгерлері кезекті қызметтерін жаӊа киім үлгісінде бастады. Астана бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскерилер үшін жаӊа киім үлгісі еӊ алдымен қалалық жағдайда қызмет атқаруға ыӊғайлылығымен ерекшеленіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық ұланныӊ жедел және арнайы моторландырылған бөлімдері ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздіӊ 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді жүзеге асырады. Бүгінде ала форма киген көше тәртібін қадағалаушы жасақтарға қоғамныӊ көзі үйренген. Ұры-қарылардан зардап шеккендер немесе көше бұзақыларынан зәбір көргендер, сондай-ақ тосын жағдайлар мен заӊсыздықтарға кезіккен ел азаматтары қысылтаяӊ сәттерде әскери жасақ жауынгерлерініӊ көмегіне жүгінеді. Көше қиылыстары мен аулаларда тәртіпсіздіктіӊ алдын алып жүретін ұландық сарбаздар бүгінде ішкі тыныштықтыӊ сақталуына қомақты үлес қосып отыр.

Қоғамдық тәртіп күзетін атқаратын жауынгерлерді "ЕХРО-2017" халықаралық көрмесін өткізу қарсаӊында жаӊа киім үлгісіне көшіру қарастырылған болатын. Осы нысанға көпшіліктіӊ көзін үйрету мақсатында, жауынгерлер бүгін әскери қалашық алаӊында арнайы сап түзеді. Экипировкасы қошқыл-көк түсті патрульдік қызмет атқаруға арналған киім топтамасына жазғы кепка, шалбар, жейде, костюм және футболка кіреді. Топтама, сондай-ақ, былғары жарақтармен толықтырылған. Изірге жаӊаша киімге Ұлттық ұланныӊ Астана және Алматы гарнизондарына қарасты әскери бөлімдері ғана қол жеткізіп отыр. Алайда, еліміздіӊ облыс орталықтары мен басқа да қалаларында патрульдік қызмет атқаратын әскери бөлім жауынгерлерін 2016 жылдан бастап толық көлемде жаӊаша киіндіру жоспарланған. Илем назарын тіккен айтулы шара кезінде ұландықтар жауынгерлік қызметті дизайны тартымды, қалалық жағдайда қызмет атқаруға әлдеқайда ыӊғайлы етіп тігілген формада атқаратын болады. Мұндай киім үлгісін қазір Еуропаныӊ көптеген қалаларындағы әскерилердіӊ үстінен көруге болады.

Жоғарыда айтылған патрульдік-бекеттік қызметті атқару үшін күн сайын патрульдік бағыт жасақтарына әскерден 5 мыӊнан аса әскери қызметші бөлінеді. Олар күн сайын ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттіӊ, қоғам мен азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар маӊызды мемлекеттік нысандарды күзетеді. Осы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Ұлттық ұланныӊ әскери жасақтары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету барысында 30 мыӊнан аса заӊ бұзушылықтарды әшкереледі. Сонымен қатар 124 қару түрлері тәркіленді.

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны