08.11.2006, 10:47 2383

Илемдік алпауыт қарапайым алыпсатардан жеңіліп қалды - газет

АЛМАТЫ. 8 қараша. Kazakhstan Today. Дүниежүзінде Park Air Systems атпен танымал компания тендерге қатысып 7-ақ адамнан тұратын "BAN 2000 GmbH" деген алып сатар компаниядан жеңліп қалды,-деп жазады Газета.kz.

"Илемдік алпауыт қайдағы алыпсатарға есесін жіберді...Енді майлы сыбағаға қол жеткізгенге біздің мемлекет басы артық екі миллион евросын төлеуі керек,-дейді мақала авторы.

Естеріңізге сала кетейік, әңгіме Алматы әуежайының ұшу-қону алаңына арналған радионавигациялық қондырғыларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық тендер туралы сөз болып отыр. "Қазаэронавигация" РМКәсіпорнының әкімшілігі тендер өткізіп, байқаудың тапсырыс қағазында жұмысты 2007 жылдың 1-ші қазанына дейін 4,485 млн евроға жасаймын деп көрсеткен германиялық "BAN 2000 GmbH" компаниясын таңдаған. Ал байқаудың енді бір қатысушысы -норвегиялық Park Air Systems компаниясы: "біз жұмысты жарты жылда 2,919 млн евроға жасап береміз",- деп көрсеткен.

"Казаэронавигация" РМК бас директоры Сергей Кульназаров "біз байқау жеңімпазының қаржылық көрсеткіштерін тексермеппіз" дейді.

Kazakhstan today агенттігінің деректерінше "BAN 2000 GmbH" компаниясының жылдық қаржылық көрсеткіші 3 млн евро ғана. "Қаржылық айналым -мүмкін сенімділіктің басты көрсеткіші емес шығар",- деп көңіл көншіткісі келеді Кульназаров. Өйткені ол шағын компаниялармен жұмыс істеуді ертегіге теңейді. Ал "Park Air Sistems" компаниясының сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, оның жылдық қаржы айналымы 120 млн$. Оның өнімдері әлемнің 168 елінде қолданылады. Компанияның Англия және Норвегиядағы кәсіпорындарында 400-ден астам адам жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны