01.07.2009, 12:26 1265

Илемдік қаржылық дағдарыстың шығуы заңды - Назарбаев

Илемдік қаржылық дағдарыстың шығуы заңды - Назарбаев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік қаржылық дағдарыстың шығуы көп жағдайда заңды. Бұл туралы бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезінің ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Илемдік қаржылық дағдарыстың шығуы көп жағдайда заңды. Кейінгі он жылдықтағы экономикалық даму мен технологиялардағы ұлығаусар секірістер кедейлік пен ашаршылық секілді мәңгілік проблемаларды шеше алмады", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, "өмірді жеңіл ақша беріп көпірте несиелендіру жүйесінің көмегімен жақсартуға жасалған талпыныстар бүгін жүздеген мың адамдар үшін нағыз трагедияға айналды". "Еңбек етпей байлыққа кенелемін деген сағым арман жай ғана алдау болып шықты. Изірге ешкім де жауап бере алмайтын өткір мәселелер адамзаттың алдынан қайта шықты", - деді президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, адамзаттың байлығы оның ат төбеліндей бөлігіне ғана қызмет етуде. "Байлар мен кедейлердің арасындағы шыңырау геометриялық прогрессиямен ұлғая түсуде", - деді ол.

Сондай-ақ, президенттің атап көрсеткеніндей, "бүгінгі күні жердегі байлықтың соңынан барын сала ұмтылудың көлеңкесінде адам өміріндегі адамгершілік жағы ұмыт қала бастады".

Оның айтуынша, бүгінде дүниежүзінде бір миллиардтан астам адам күніне 1 долларға жетпейтін ақшаға күн кешуде. "Бір елдерде әлемде өндірілген барлық өнімдердің үштен бір бөлігіне дейін қоқыстарда жойылып жатса, планетаның басқа бөліктерінде бүтін елдер ашаршылық қаупінің алдында тұр", - деді президент.

"Қазіргі ғылымның таңғажайып табыстарына қарамастан, әлемді күтпеген жерден туындаған ғаламдық эпидемия қаупі не себепті қорқынышқа бөлейді, ал миллиардтаған адамдар медициналық көмекке қандай себеппен қол жеткізе алмайды? Изірге ғылымның өзі оның алдында әлсіздікке ұшырайтын жаңаша індеттер бейнебір адамзатты жазалау үшін пайда болып жатқандай", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны