27.02.2008, 17:50 2975

Үлескерлер құрылысты үлеспен салу проблемаларын шешуге қатысты іс-шараларды ұсынды

Үлескерлер құрылысты үлеспен салу проблемаларын шешуге қатысты іс-шараларды ұсынды

Алматы. 27-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Азаматтардың тұрғын үй құрылысына үлес қосуларына қатысты проблемалар және оны шешудің жолдары" атты бүгін өткен дөңгелек үстелге қатысушылар үлеспен құрылыс салу проблемаларын шешуге қатысты іс-шаралар ұсынылған резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз, дөңгелек үстелге қатысушылар, үлеспен құрылыс салу саласындағы проблемаларды реттеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруды ұсынамыз",- деп айтылған резолюция мәтінінде.

Іс-шаралар кешені мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, құрылыс салушылардың өкілдері мен үлес қосушылардың қатысуымен парламент тыңдауын жүргізуді қарастырады. Тыңдау барысында тиісті республикалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы үлес қосушыларды қорғау механизмі әзірленеді.

Үкіметке "алданған үлкескерлердің проблемаларын шешуде, атап айтқанда ҚР-ның үлеспен құрылыс салуды реттеу саласындағы заңдарындағы кемшіліктерді жою және мемлекеттің құрылыс салушы компаниялар тарапынан міндеттерін орындауға және үлес қосушылардың құқықтарын қалпы келтіруге тиісті бақылау қоюды қамтамасыз етуге қатысты іс-шаралар қабылдауда әрекет ету" ұсынылған.

Сондай-ақ үлескерлердің пайымдауынша, құрамына Бас прокуратураның, қаржы полициясының, Ішкі істер министрлігінің өкілдері кіретін мекемеаралық комиссия құру қажет.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, Алматы әкімшілігі үлескерлер мен құрылыс салушы компаниялардың арасында туындайтын даулы жағдайларды шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құруға тиіс, деп санайды. Бұл комиссияның құрамына мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерінен басқа да үлескерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіруге тиіс.

Сонымен қатар, үлескерлердің пайымдауынша "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы бөлімшесі құрылыс салушы компаниялардың жұмыстарына жауапты мемлекеттік органдардың іс-қызметін тексеру, оларға тиісті рұқсат пен лицензия берудің заңдылығын, сонымен қатар одан әрі бақылау қоюдың тиімділігін тексеру бастамасын көтеру қажет.

Үлескерлер зардап шеккен барлық үлескерлерді бірыңғай қоғамдық қозғалысқа бірігіп, тиісті заңды процедураларды жүргізе отырып құрылыс компанияларының бастан кешіріп отырған қиындықтарына сырттай бақылау қоюға шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны