29.12.2008, 15:59 3153

Үлестік тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін Ақтауда облыстық бюджеттен 210 млн теңге бөлінді

Үлестік тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін Ақтауда облыстық бюджеттен 210 млн теңге бөлінді

Ақтау. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтауда "Таң Шолпан" тұрғын үй кешенінің 10 қабатты үйінің бірінші блогы пайдалануға берілді, оның құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 210 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгінде облыс аумағында тұрғын үй құрылысының 13 нысаны салынуда, оларда үлестік құрылыс тетігі қолданылған. Нысандарды 12 құрылыс компаниясы салуда.

Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың айтуынша, бұл нысандарға үлеспен қатысушылардың саны қазір 752 үлескерге жеткен. "Таң Шолпан" тұрғын үй кешенін салу арқылы 93 үлескердің проблемасы шешіледі. Кешен құрылысы 2009 жылдың бірінші тоқсанында толық аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны