25.09.2007, 17:03 2742

Илеумет Алматыдағы табиғат қорғау аймағындағы бұзылатын ғимараттардың иелеріне өтемақы төлеуге қарсылық білдіруде

Илеумет Алматыдағы табиғат қорғау аймағындағы бұзылатын ғимараттардың иелеріне өтемақы төлеуге қарсылық білдіруде.

Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Илеумет Алматыдағы табиғат қорғау аймағындағы бұзылатын ғимараттардың иелеріне өтемақы төлеуге қарсылық білдіруде. Мұндай мәлімдемені Қазақстанның журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен бұл қаржының салық төлеушілердің қалтасынан төленетіндігімен келіспеймін. Бұл меншік иелерінің заң бұзғаны үшін неге біз төлеуіміз қажет? Олар өз меншігін нарық бағасымен сатады. "Шаңырақ" пен "Бақайға" қатысты ахуалда ондай қадамға барған жоқ. Олардың меншіктерін өтемақысыз бұзды емес пе",- деп мәлім етті бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында С. Матаев.

Ол, бұл ғимараттардың мемлекетке берілуін ұсынды. "Осы базаларда демалыс үйлерін, шипажацйлар мен балалар лагерін құруға болады",- деп түсіндірді ол. С. Матаев, "сөз мемлекет меншігіне айналдыру туралы болып отырмағандығын" нақтылап өтті. "Өз еріктерімен берсін",- деп атап өтті журналистер одағының төрағасы.

Кинематогрфисттер одағының төрағасы Игорь Вовнянко өз кезегінде, "Алматы құрылысына байланысты барлық мәселе шенеуніктер деңгейінде шешіледі", деп атап өтті. "Менің пайымдауымша, болып жатқан проблемаларға жұртшылықтың қатысы үлкен, дейтұрғанмен, мәселені шешуге олар қатыса алмайды",- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның қала салушылары одағының вице-президенті Сайран Фазыловтың пайымдауынша, "құрылыс істері жөніндегі комитеттің құзыреті шектеулі". Ол құрылыс мәселелерін реттейтін жаңа мемлекеттік орган құруды ұсынды. "Ол қажетті құқықтық базасымен қала салу министрлігі деп аталсын",- деді С. Фазылов.

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жұмада үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Алматының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, "егер бұзу үшін бір нысанның ең төменгі құнын 200 мың АҚШ доллары деп бағалағанның өзінде, тек өзенді бойлай 1981 нысанды бұзу үшін қажет болатын қаржының көлемі 4 млрд АҚШ долларын құрайды", деп хабарлаған. Осы отырыста Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов президенттің Алматыдағы қала салу мәселелері туралы тапсырмасын орындау мерзімін 1-қарашаға дейін ұзарту туралы мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елбасының тапсырмасы бойынша 11-қыркүйекте үкіметте премьер-министрдің төрағалығымен Алматыдағы құрылыс мәселелері жөніндегі комиссия құрылған болатын. Комиссияның құрамына қаржы министрі, әділет министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, индустрия және сауда министрі, қоршаған ортаны қорғау министрі, төтенше жағдайлар министрі, Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, сондай-ақ бас прокурордың орынбасары кірген болатын.

Бүгін үкімет отырысының аяқталуына орай қаржы министрі Наталья Коржова журналистерге берген сұхбатында, Алматыдағы заңсыз салынған ғимараттарды бұзу үшін 4 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өтемақы төленеді деген болжам түзетілуге тиіс деген пікірін мәлім етті. "Өтемақы мәселесін шешу үшін ең алдымен құжаттармен ауқымды жұмыс жүргізу қажет. Сондықтан да менің пайымдауымша, аталған сан болжам ғана, бұл нақтылауды қажет етеді",- деп атап көрсетті министр. "Егер жерді өз бетінше басып алса, онда ешқандай өтемақының төленбейтіндігін, өздеріңіз түсінесіздер, ал адамдар кінәлі болмаған жағдайда, келешектегі меншік иесі тарапынан жалған құжат тапсырылмаса, немесе басқа да заң бұзушылықтар болмаған жағдайда өтемақы төленуге тиіс",- деп түсіндірді Н. Коржова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны