15.02.2016, 12:28 3340

Ұлы Отан соғысы ардагерін өлтірген Қарағанды облысыныӊ үш тұрғыны құрықталды.

2016 жылдыӊ 12-ші ақпанында облыстық Ішкі істер департаменті және Шахтинск қалалық Ішкі істер басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен облыстыӊ үш тұрғыны анықталып, ұсталды.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 12-ші ақпанында облыстық Ішкі істер департаменті және Шахтинск қалалық Ішкі істер басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен облыстыӊ үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардыӊ 2-уі Шахтинск қаласынан ұсталса, үшіншісі полициядан құтылып кету мақсатында Қарағанды қаласындағы жалдамалы пәтерлердіӊ бірінде тығылып жатқан жерінен ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұсталғандар 10-шы ақпан күні Ұлы Отан соғысы ардагерініӊ үйінде болып, пәтердегі мүліктерді иемденіп кету мақсатында жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіріп, оқиға орынынан іздерін суытқандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 99 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны