10.05.2012, 14:46 4927

Ұлы Отан соғысына қатысқандарды әлеуметтік қолдау кей жерлерде өте төмен деңгейде

"Сөйтіп, кейбір облыстардағы біржолғы төлемдердің сомасы астанамыздағы төлемдерден 15 есе кем. Кейбір өңірлерде ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға осындай төлемдер мүлдем қарастырылмаған. Бұның сыртында, ауылдық жерлерде мемлекеттік тұрғын-үй қоры жоқ болғандықтан, аталған тұлғалар санатының Заңмен көзделген үй алу мүмкіндігі жоқ. Осылайша, бір өңірлердегі ардагерлер басқа өңірлердегі ардагерлермен тең емес жағдайда тұр",- деп жазылған партияның жолдауында.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысына қатысқандарды әлеуметтік қолдау кей жерлерде өте төмен деңгейде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елге сіңірген еңбегін атай отырып, ҚР 28.04.1995ж. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы (Бұдан әрі-Заң), ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде жеңілдіктер мен кепілдіктер, сонымен қатар үйдің ұстауына шығыстар, коммуналдық қызметтер, отын, пәтерлік телефонды пайдалану, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша төлемдер беріледі. Жыл сайынғы санаторлық-курорттық емдеу құқығын пайдаланбаған Чернобыль АЭС-ндағы апат салдарынан мүгедек болған кісілерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Соғыс әрекеттерінде немесе әскери қызметтің өзге міндеттерін орындау кезінде жараланған, зақымданған, мертігу немесе ауру салдарынан бірінші топтағы мүгедек болып қалған тұлғаларды - тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз ету",- деп мәлім етті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауалында "АҚ ЖОЛ" ҚДП Фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков.

"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жергілікті атқару органдарының әкімдері, қоғамдық бірлестіктер ұйымдарының басшылары өз құқықтары мен құзыреттері шегінде қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, тиісті бюджеттердің шоттары есебінен әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар мен емделуге жол жүру бойынша (бару мен қайту) жеңілдіктерді, сонымен қатар соғысқа қатысушыларға, мүгедектерге оларға теңестірілген тұлғаларға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің жанұяларына, тылда әскери қызметтен өткен азаматтар мен еңбек еткендерге материалдық және басқа көмек түрлерін көрсету бойынша анықтайды",- деп атап өтті ол.

"Алайда аталған Заңның осы нормалары көбінесе қолданыла бермейді. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі өте төмен болып қалып тұр. Илеуметтік қолдауды көрсетпеу фактілері бойынша біз бұрын бірнеше рет Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің атына азаматтардың өтініштерін жібердік. Бүгінгі таңда Қазақстанда 9612 ҰОС ардагері тұрады, соңғы екі жылда олардың саны екі есеге жуық азайды,- деді депутат.

"Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты 2012 жылы әрбір жеке аудан мен облыстың жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен ҰОС ардагерлеріне біржолғы жәрдемақының берілуі көзделген. БАҚ-дағы ақпаратқа сәйкес Астанада төлемдер сомасы 150 мың теңгені, Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарында 100 мың теңгені құрайды. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында - 15 мың теңгеден, Оңтүстік Қазақстан облысында 10 мың теңгеден беріледі. Мұның сыртында, Павлодар облысында тыл еңбеккерлеріне және соғыс ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестiрiлгендерге 3 мың теңгеден төлейді. Қостанай облысында 5 АЕК, яғни 8090 теңгеден, жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға 2 АЕК - 3 мың теңгеден сәл артық төлейді", деп атап көрсетті партия мүшесі.

"Сөйтіп, кейбір облыстардағы біржолғы төлемдердің сомасы астанамыздағы төлемдерден 15 есе кем. Кейбір өңірлерде ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға осындай төлемдер мүлдем қарастырылмаған. Бұның сыртында, ауылдық жерлерде мемлекеттік тұрғын-үй қоры жоқ болғандықтан, аталған тұлғалар санатының Заңмен көзделген үй алу мүмкіндігі жоқ. Осылайша, бір өңірлердегі ардагерлер басқа өңірлердегі ардагерлермен тең емес жағдайда тұр",- деп жазылған партияның жолдауында.

"Қазақстан Республикасының Конституциясымен біздің азаматтарымыздың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне кепіл берілгені мәлім. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сізді Қазақстан Республикасының барша аумағында ардагерлердің құқықтары мен әлеуметтік мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету жөнінде қандай шаралар қолданылатынын хабарлауыңызды сұраймын. Сауалды қарау нәтижелері туралы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 27-бабымен белгіленген мерзімде жазбаша түрде хабардар етуіңізді сұраймыз",- деп түйіндеді партия жолдауын Н.Жазылбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны