19.03.2010, 18:44 3307

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 10 млрд астам теңге жұмсалады

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 10 млрд астам теңге жұмсалады

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі екі есе өседі. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Исел Нүсіпова "Қазақстанның ардагерлкрі ұйымы" ашық қоғамының орталық кеңесінің Ү пленумына қатысқан кезде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен нақтылап өтейін: соңғы мәліметтерге сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 5 млрд емес, 10 млрд астам теңге жұмсалады. Бұл мәселе бойынша жергілікті атқарушы билік органдары да қыруар жұмыстарды тындырды", - деді И. Нүсіпова.

Оның айтуынша, "соғысқа қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне бір реттік материалдық көмек ретінде әрқайсысына 65 мың теңгеден, ал олармен теңестірілген тұлғаларға - әрқайсына 25 мың теңгеден төлем беріледі".

Жеңіс күніне арналған басты салтанатты іс-шаралар Елордасында өтеді, деді И.Нүсіпова. Оған ардагерлер жолақысыз қатысады. Олардың тамағы мен қалада қонақүйде тұруына арналған шығындар да республикалық бюджеттің есебінен төленбек.

"Астанада өтетін іс-шараларға 170 соғыс ардагері мен олармен бірге жүретін 38 адам қатысады. Барлық шығындар республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал Мәскеудегі Жеңіс парадына 71 адам қатысады. Олардың барып-келу шығынын да мемлекет өз мойнына алады. Бірде бір соғыс ардагері мемлекеттің қорғауы мен әлеуметтік қолдауынан тысқары қалмайды", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны