12.06.2008, 10:14 1424

Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының мерзімі мен құны 1 шілдеден кейін анықталады

Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының мерзімі мен құны 1 шілдеден кейін анықталады

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үлкен Алматы айналма жолы (ҮААЖ) құрылысының мерзімі мен құны 1 шілдеден кейін анықталады. Мұндай мәлімдемені көлік жолдары комитетінің Алматы облыстық департаментінің директоры Ержан Жасыбаев "Қазақстан Бүгін" агенттігінің сауалына берген жауабында жасады.

"2007 жылдың қыркүйек айында ҮААЖ жобалық зерттеу жұмыстары басталған. Оның жобасын жасайтын "Дортранс" Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалық институты" ЖШС. Тапсырыс беруші - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті. Жұмыс жобасының пайдалануға берілетін мерзімі - 2008 жылдың 1 шілдесі. Сол уақытта мемлекеттік сараптаманың оң шешімі шыққаннан кейін ҮААЖ салынатын мерзім мен оның құны анықталады", - деп мәлімдеді Е. Жасыбаев.

Ол сондай-ақ, болашақ көлік жолағында орналасқан барлық 685 жер телімінің әзірге 41-і ғана сатып алынғанын хабарлады. "Жер тек қажетті қаржылық ресурстар бөлінгеннен кейін ғана толық сатып алынуы мүмкін", - деп түсіндірді Е. Жасыбаев. Ал жер сатып алумен кім айналысатынын, мемлекет пе, әлде, концессионерлер ме, үкімет шешеді. Бірақ, департаменттің түсіндіруінше, ҮААЖ салуды қаржыландыру жеке инвесторларды тарту арқылы жасалатын концессиялық жүйеге негізделген.

Айналма жолының техникалық дәрежесі - 1 "а", яғни, ақылы. Алайда, оған кірудің ақысы шамалап болса да, әлі анықталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны