11.03.2010, 15:38 7900

Үлкен Алматы өзеніне жеке меншік үйлердің кәріз жүйесіндегі лас сулар жіберілуде

Үлкен Алматы өзеніне жеке меншік үйлердің кәріз жүйесіндегі лас сулар жіберілуде

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қарасай ауданындағы Алатау ауылы "Свежесть" бақшашылар серіктестігінде табиғат қорғау заңнамасы бұзылып отыр. Атап айтсақ, Үлкен Алматы өзеніне жеке меншік үйлердің кәріз жүйесіндегі лас сулар жіберілуде. Бұл туралы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов саяжайлар серіктестігі тұрғындарының жиынында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үлкен Алматы өзенінің арнасын бойлай қарап шығу нәтижесінде экологиялық одақ төрағасы жеке меншік үйлерден кәріз жүйесінің ағызынды сулары өзенге жіберілетінін хабарлады. "Өздеріңіз көріп отырғандай, кәріз жүйесінің сулары тіке өзенге құйылып жатыр. Ондай суды өзенге ағызуға ешкімнің де құқығы жоқ. Бұл - қылмыс, ол үшін соттау керек. Ал өзен суы ауыз су мақсатында деуге болады", - деді М. Елеусізов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны