21.12.2016, 13:55 11144

Ұлттық арна Диснейдіӊ үздік анимациялық фильмдерін мемлекеттік тілде көрсетеді

Қазақстан телекөрермені "Жаӊа жылдық мерекелер Диснеймен бірге" топтамасы шеӊберінде 13 мультфильм тамашалайды.

Алматы. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазақстан" телеарнасы өзініӊ кішкентай көрермендеріне Walt Disney мультфильмдерін тарту етеді. 2016 жылдыӊ 26 желтоқсанынан бастап 2017 жылдыӊ 6 қаӊтарына дейін Ұлттық арна Диснейдіӊ үздік анимациялық фильмдерін мемлекеттік тілде көрсетеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазақстан" ТРК" АҚ Стратегиялық маркетинг департаментініӊ ақпаратына сілтеме жасап.

"Қазақстан" ТРК" АҚ мен "Walt Disney Company" студиясы мультипликациялық фильмдер көрсету туралы эксклюзивті келісімге келді. Қазақстан телекөрермені "Жаӊа жылдық мерекелер Диснеймен бірге" топтамасы шеӊберінде 13 мультфильм тамашалайды.

Мемлекеттік тілде алты мультфильмніӊ тұсауы кесіледі. "Үйректер оқиғасы" ("Утиные истории"), "Күлшеқыз - 2" ("Золушка-2"), "Күлшеқыз-3" ("Золушка-3"), "Бэмби" ("Бэмби"), "София ханшайым" ("София прекрасная"), "Мұзды өлке" ("Холодное сердце") кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді.

Бұл мульфильдер "Қазақстан" ТРК" АҚ дубляж студиясында аударылып, дыбысталды.

Ағылшын тілінен тікелей аударатын Қабшықбай Нағыз анимациялық фильмдерді аудару өте қызық, алайда өз қиындығы бар екенін айтады:

"Тілдіӊ көркемділігін, бояуын, түпнұсқасымен дәлме дәл келтіру

аудармашыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тілдіӊ мол мүмкіндігі, байлығы сарқа жұмсалса, аударма түпнұсқадағыдай әдемі, көркем, табиғи болып шығады. Көркем аудармамен салыстыратын болсақ, бұл жерде өз қиыншылығы бар. Себебі, нақтылық, дәлме дәлдік керек. Ир сөз шектеулі, ауыздыӊ қимылына да түсуі қажет. Сол жағынан қиындықтар туындайды. Исіресе, мультфильмде ән айтылған кезде біраз ойлануға тура келеді".

Сондай-ақ, бұл күндері көрерменімізді "Рататуй" ("Рататуй"), "Ханшайым мен құрбақа" ("Принцесса и лягушка", "Тастағы семсер" ("Меч в камне"), "Көкке" ("Вверх"), "Немо" ("Немо") (дубляж жасаған "Қазақстан" ТРК" АҚ), "Батыл жүрек" ("Храбрая сердцем"), "Малифисента" ("Малифисента") мультфильмдерімен қуантамыз.

"Қазақстан" РТРК" АҚ Дисней фильмдерін жоғары талғаммен дайындайды. Нәтижесінде, сапасы өте жоғары, әр кейіпкер қазақша сөйлеп тұрғандай көрінеді және фильмдерді дыбыстау барысында балалармен жұмыс істейтін бірден бір студия.

Рита Ибішева - дубляж режиссері:

"Дауыстарды таӊдау барысында адам мен кейіпкердіӊ мінез-құлқы

мен жасына көп көӊіл бөлемін. Тіпті, олардыӊ ұқсастықтарын іздеймін. Дыбыстау үлкен еӊбек. Өйткені, бір кейіпкерді дыбыстау үшін мәтінді ондаған актерге оқытып көреміз. Арасынан төрт, бес дауысты таӊдап, "Дисней" компаниясына жібереміз. Олар да дауыстардыӊ келісімін байқаған соӊ ғана, белгілі бір адамды бекітеді. "Дисней" компаниясымен осылай тығыз жұмыс істейміз. Есесіне, біздіӊ туындыларымыз көз қызығатындай болып шығады".

"Қазақстан" ТРК" АҚ мен "Walt Disney Company" 2012 жылдан бастап серіктесе жұмыс істейді. Осы аралықта 100-ден астам отбасылық көркем фильм, 138 бөлім балаларға арналған ойын сериалы, 828 мультсериал, 16 толықметражды мультфильм қазақ тіліне аударылып, дыбысталды.

The Walt Disney Company (Уо?лт Ди?сней Ка?мпани, Дисней) - әлемдегі көӊіл көтеру индустриясыныӊ ірі қаржы конгломераттарыныӊ бірі. Компания 1923 жылы Уолтер және Рой Диснейдіӊ бастамасымен шағын анимациялық студия ретінде құрылды. Бүгінде ол Голливудтыӊ он бір көӊіл көтеру паркі, екі аквапаркі және бірнеше телерадиотарату жүйесі, Америка телерадиотарату компаниясы (Эй-Би-Си телеарнасы) бар ірі студияларыныӊ бірі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны