16.07.2008, 11:17 1652

Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы "Тұрғындарға баспаналарын қалдырайық!" атты қозғалыстың белсенді мүшелерін қолдайды

Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы "Тұрғындарға баспаналарын қалдырайық!" атты қозғалыстың белсенді мүшелерін қолдайды

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы "Тұрғындарға баспаналарын қалдырайық!" атты қозғалыстың белсенді мүшелерін қолдайды. Бұл туралы кеше ипотекалық несиелерді қайтару проблемасы жөніндегі дөңгелек үстел барысында қауымдастық президенті Талғат Акуов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Банктерге бұл жағдайдан қалай шығу туралы стратегияны анықтап алуымыз керек. Үкімет те қарапайым азаматтарға қатысты қандай да бір шешім шығарулары тиіс. Біздің ұйымымыз қозғалысты қолдайды. Біз бұл мәселені жоғарғы деңгейде көтеретін боламыз", - деп уәде берді Т. Акуов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны