13.08.2012, 10:08 3128

Ұлттық медициналық холдинг "Назарбаев Университетінің" Медицина мектебі үшін қызметкерлер даярлайды

Медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық медициналық холдинг дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін көтеру жөнінде шаралар өткізуде, деп хабарлады басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Ұлттық медициналық холдинг "Назарбаев Университетінің" Медицина мектебі үшін қызметкерлер даярлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық медициналық холдинг дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін көтеру жөнінде шаралар өткізуде, деп хабарлады басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Біз кадрлардың әлеуетін көтеруге көп көңіл бөлеміз және еншілес үйымдардың профессорлық-оқытушылық құрамын оқытамыз", - дейді Л.Ақтаева.

"Дәрігер зерттеушінің, ғалымның, оқытушының міндеттерін оқып-үйренетін болады. Үстіміздегі жылдың өзінде 98 дәрігер мен 60 медбике осы міндеттерді оқып-үйрену үшін алдыңғы қатарлы әлемдік орталықтарға баратын болады", - деп атап өтті Л.Ақтаева.

Жалпы, Ұлттық медициналық холдинг базасында 6 ай ішінде 1050 маман оқытылған. "Біз ғылыми-практикалық конференциялар, шеберлік сыныптарын, семинарлар өткіземіз. Бұл шаралардың барлығы кадр әлеуетін өсіруге, "Болашақ госпиталі" брендіне сай болу үшін еншілес ұйымдардағы медициналық қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған", - деп аяқтады сөзін Ләззат Ақтаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны