30.06.2008, 18:52 7580

Ұн өндірісі кәсіпорындары президенттен ұн экспортына қатысты ахуалға араласуды сұрайды

Ұн өндірісі кәсіпорындары президенттен ұн экспортына қатысты ахуалға араласуды сұрайды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ұн өндірісі кәсіпорындары президенттен ұн экспортына қатысты қалыптасып отырған ахуалға араласуды сұрайды. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайханашылары одағының президенті Евгений Ганн жолдау мәтінін оқып берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бір айдан астам уақыттан бері ұн экспортын жартылай азайтуға, сондай-ақ, толық тыйым салуға талпыныстар жасалуда", -делінген жолдауда.

Құжатта айтылғандай, мұндай жағдай "елімізде астық қоры жеткілікті жағдайда қалыптасып отыр. Елімізде екі миллионнан астам азық-түліктік бидай қоры бар, ішкі бидай нарығына 700-750 мың тонна бидай қажет жағдайда ұн экспортына тыйым салуға жасалған талпыныстар негізсіз әрі ойламсыз қадам болуда", -делінген хатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны