13.03.2012, 13:36 3459

Үндістанда жүзден астам лашық өртеніп кетті

Үндістанның Патна қаласында болған өрттен жүздеген адам баспанасыз далада қалды. Алау кедей халық тұратын ауданда, лашықтарда тұтанған.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Үндістанда жүзден астам лашық өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үндістанның Патна қаласында болған өрттен жүздеген адам баспанасыз далада қалды. Алау кедей халық тұратын ауданда, лашықтарда тұтанған.

Ешкім зардап шекпегенмен, жүзден астам лашық өртеніп кетті. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, өрт электр желілерінің тұйықталуынан шыққан. Өрт кезінде жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туындаған. Зардап шеккен халық өрт сөндірушілер бәрі жанып біткенде тым кеш келді деп наразылық көрсетуде. Куәгерлер де өрт сөндірушілер дер кезінде келіп жеткенде, біршама лашықты құтқарып қалуға болар еді деп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны