07.06.2012, 09:30 1494

Үндістандағы аптап ыстық 100-ден аса адамның өмірін қиып кетті

Батыс Бенгалия штатында бірнеше күн бойы ауа температурасы 47 градус ыстықты көрсетуде. Адамдардың көбіне күн тиюде, деп хабарлады РБК. Калькутта, сондай-ақ Асансол, Дургапур және басқа қаларда адамдар өлімі тіркелді. Солтүстік-шығыс Одиша штатында қиын жағдай байқалып отыр.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - Үндістандағы аптап ыстық 100-ден аса адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Батыс Бенгалия штатында бірнеше күн бойы ауа температурасы 47 градус ыстықты көрсетуде. Адамдардың көбіне күн тиюде, деп хабарлады РБК. Калькутта, сондай-ақ Асансол, Дургапур және басқа қаларда адамдар өлімі тіркелді. Солтүстік-шығыс Одиша штатында қиын жағдай байқалып отыр.

Өңірдің басшылығы жергілікті тұрғындарды суды көп ішіп, үйден шықпауға шақыруда. Елдің бірқатар штатында кейбір мекемелер қысқартылған жұмыс күніне көшті.

Үндістанда күннің қатты ысуы мамыр айының соңында басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылдың жазында Ресейде болған күннің қатты ысуы 56 мың адамның өмірін қиып кетті. Күннің қатты ысуынан болған қапырық пен жиі орын алған өрт оқиғалары адамдардың өліміне әкеп соқты. Климаттық жағдайдың салдарынан келтірілген шығын 15 млрд. долларға бағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны