13.07.2009, 18:08 2975

Үрімжіде күрделі ахуал сақталып отырғанына қарамастан, Қазақстанның 100-ден астам азаматы өздерінің коммерциялық мүддесіне сай қалаға барды - ҚР СІМ

Үрімжіде күрделі ахуал сақталып отырғанына қарамастан, Қазақстанның 100-ден астам азаматы өздерінің коммерциялық мүддесіне сай қалаға барды - ҚР СІМ

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үрімжіде күрделі ахуал сақталып отырғанына қарамастан, Қазақстанның 100-ден астам азаматы өздерінің коммерциялық мүддесіне сай қалаға барды. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-де журналистерге арнап өткізілген апталық брифингте ҚР СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Бағдат Сейітбаталов мәлімдеді,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Үрімжіге 8 шілдеде 40 адам, 9 шілдеде - 70 адам барды. Қазір онда еліміздің 100-ден астам азаматы бар. Оларды базарлар мен дүкендерде кездестіруге болады. Қаладағы жағдай іс жүзінде қалпына келтірілді, бірақ бұл онда тыныштық орнады дегенді білдірмейді. Күрделі ахуал сақталып отыр", - деді Б. Сейітбаталов.

Бұған қоса, оның айтуынша, қазір Үрімжіде болған тәртіпсіздіктердің салдарынан зардап шеккен Семей қаласының тұрғыны Уәлихан Дүкімбаевтың денсаулығына "ешқандай да қатер төніп тұрған жоқ". "Ол таяу уақыттарда туған қаласына оралады деп сенеміз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны