01.06.2009, 13:57 1280

Ұшақтарды бір тәулікте бірнеше бағыттарда пайдалануға байланысты рейстердің кешіктірілуіне жол берілуде - ҚР көлік және коммуникациялар министрі

Ұшақтарды бір тәулікте бірнеше бағыттарда пайдалануға байланысты рейстердің кешіктірілуіне жол берілуде - ҚР көлік және коммуникациялар министрі

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Ұшақтарды бір тәулікте бірнеше бағыттарда пайдалануға байланысты рейстердің кешіктірілуіне жол берілуде. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен "үкіметтік" сағатта ҚР көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Рейстердің кешіктірілуіне, сервиске қатысты мәселелер бар. Басты проблема ұшақтардың тапшылығына байланысты ұшақтарды бір тәулік ішінде бірнеше бағытта пайдалану қажеттігіне алып келуінде", - деді И. Құсайынов.

"Қазақстанның аумағы - ұланғайыр, күн райының ахуалы әр жерде әртүрлі. Егер ұшақ Ақтауда кешігіп қалса, осы ұшақ пайдаланылатын барлық бағыттарда сапар кешіктіріледі", - деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны