02.04.2009, 19:16 2795

Үстіміздегі жылдың шілде айының басында өтетін дін көшбасшыларының жиынына түрлі конфессиялар мен халықаралық ұйымдардан 450 өкіл қатысады деп күтілуде - сенат

Үстіміздегі жылдың шілде айының басында өтетін дін көшбасшыларының жиынына түрлі конфессиялар мен халықаралық ұйымдардан 450 өкіл қатысады деп күтілуде - сенат

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың шілде айының басында өтетін дін көшбасшыларының жиынына түрлі конфессиялар мен халықаралық ұйымдардан 450 өкіл қатысады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін парламент сенатында палата төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ съездің құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы кеңесіне қатысушылармен кездесуде айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев кездесуге қатысушыларды өркениеттер, мәдениет және конфессиялар үнқатысуын дамыту үшін жаңа сапалы тұғырнама болған жиын қарсаңында атқарылған ауқымды және пайдалы жұмыстар үшін алғыс айтты.

"Қазір әлемде белгілі бір құндылықтарға түрлі көзқарастарды бағамдауға, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне қадамдар табуға жәрдемдесетін осындай үнқатысудың қажеттігін түсіну орнығып келеді",- деп атап өтті төраға.

Қ.Тоқаев кездесу барысында президент Н.Назарбаевтың өкімімен Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне дайындалу және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті. Оның құрамына барлық мемлекеттік органдардың басшылары, президент әкімшілігі бөлімдерінің жетекшілері еніп отыр.

"Бірнеше отырыстар өтті, ендігі кезекте барлық сала бойынша, ұйымдастыру және саяси мәселелерді де қарау жоспарланып отыр",- деді ол.

Ел президенті мен Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысының арнаулы өкілдері арқылы мемлекет басшыларына, діни және саяси қайраткерлерге алдағы жиын жұмысына қатысуға шақырулар жіберілді.

Үстіміздегі жылдың шілдесінің басында өтетін діни лидерлер жиынына түрлі конфессиялар мен халықаралық ұйымдардан 450 өкіл қатысады деп күтіліп отыр.

Кездесу аяғында төраға сессия отырыстары және секциялық жиындар барысында толеранттылыққа және өзара сыйластыққа негізделген әлем құрылысындағы діни лидерлерінің рөлі туралы пайдалы пікір алмасу болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны