10.01.2011, 15:51 3765

Үстіміздегі жылы Қазақстанда Evolution сериясының 89 тепловозын өндіру жоспарланып отыр

Үстіміздегі жылы Қазақстанда Evolution сериясының 89 тепловозын өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ""Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы Қазақстанда Evolution сериясының 89 тепловозын өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ""Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "2010 жылы құрылған "Локомотив" АҚ ағымдағы жылы 89 магистральды тепловоз жасап шығаратын болады", - деп апат өтті А. Мамин. "Ресейде өткен халықаралық конференцияда, қазақстандық Evolution сериясы тепловозына мемлекеттік және жеке темір жол саласы бойынша үлкен қызығушылық танытылып өндіруге шамамен 1520 тапсырыс алынған болатын, олардан нақтысы 100-ге жақыны экспорттауға жасалып дайындалатын болды", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ҚТЖ мекемесінің басшысы, компанияның жеке талабы бойынша 2015 жылға дейін жаңа магистральды 245 тепловоз жасап шығаратынын айтқан.

Қазіргі кезде Ресей Федерациясында тепловоздардың сертификациялық тіркеуі өтуде екендігін айтты Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны