11.12.2007, 09:57 1681

"Үздік дайын отандық өнім экспорттаушы" байқауының қорытындысы жарияланды

"Үздік дайын отандық өнім экспорттаушы" байқауының қорытындысы жарияланды

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында дүйсенбі күні алғашқы "Үздік дайын отандық өнім экспорттаушы" байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Индустрия және сауда министрлігінің ақпаратына сүйенсек, байқауға қазақстандық дайын өнімді экспорттайтын 40 кәсіпорын қатысқан. Құрамына жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар кірген арнайы сарапшылар тобы қатысушыларды он көрсеткіш бойынша іріктеген. Бестен кем оң сипаттама жинаған кәсіпорындар байқаудан шығып отырған. Байқау қорытындысы бойынша бірқатар жүлделер табыс етілді.

"Жыл экспорттаушысы" аталымында Оңтүстік Қазақстан облысының "Ютекс" АҚ, "Үздік экспорттық стратегия" номинациясында "Степногорск подшипник зауыты" АҚ, "Ұлттық бренд-2007" аталымы бойынша "Ақтөбе рентген" АҚ жеңімпаз деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны