10.11.2018, 22:01 4643

"Үздік мектеп мұражайы- 2018" республикалық конкурсында Қызылорда облысыныӊ №190 мектеп мұражайы жүлделі І орынды иеленді

Қазіргі таӊда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жоғарғы оқу орындарынан өзге, мектептерде де арнайы мұражайлар жұмыс жасауда.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - Қазіргі таӊда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жоғарғы оқу орындарынан өзге, мектептерде де арнайы мұражайлар жұмыс жасауда. Олардыӊ базалық мүмкіндіктерін анықтау, жұмыс процеcсіне замауи жаӊа тәсілдерді енгізу мақсатында конкурс болып өтті. Қызылорда облыстық оқу орталығыныӊ (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен өткізілген облыстық кезеӊге 12 қатысушы бақ сынады. Солардыӊ ішінен Қазалыдағы №190 мектеп мұражайы үздік деп танылып, республикалық кезеӊде Қызылорда облысыныӊ намысын қорғады. Онда өздерін жоғары деӊгейде көрсеткен мектеп мұрайжайы жүлделі І орынды иеленді.

Жеӊімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ Диплом және Алғыс хатымен марапатталды.

Аймақтық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары да өздерін жоғары деӊгейде көрсетіп, қанжығалары майлануда. Қаладағы "Ер Тарғын" балабақшасыныӊ тәрбиешісі Бақыткүл Жомарт Астана қаласында өткен "Мектепке дейінгі ұйымныӊ үздік тәрбиешісі" республикалық байқауында жүлделі І орынды иеленді. Ақмола, Атырау, Қостанай секілді 14 өӊірдіӊ мықтылары бақ сынаған сайыста мектепке дейінгі бала тәрбиесі, білім берудіӊ жаӊа заманғы мүмкіндіктері жайында сөз болды. Тәрбиешілердіӊ барлығы өздерін жоғары деӊгейде көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны