11.12.2007, 09:53 1490

Изербайжан 2008 жылдың қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды тіркеудің жаңа жүйесіне көшеді

Изербайжан 2008 жылдың қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды тіркеудің жаңа жүйесіне көшеді

Баку. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан келер жылдың 1-қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды "бір терезе" қағидасы бойынша тіркеуге көшеді. Бұл туралы дүйсенбі күні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Изербайжан Республикасының салық министрі Фазиль Мәмедов хабарлады.

Оның айтуынша, дүниежүзінде бұл жүйенің баламасы жоқ және ол әзербайжандық кәсіпкерлерге өз бизнесін 3 күннің ішінде тіркетуге мүмкіндік береді.

"Салық министрлігі Экономикалық даму министрлігімен бірлесе отырып, көптеген елдердің осы саладағы тәжірибелерін зерттеді. Алайда, біз Изербайжанға енгізейік деп отырған механизм қазіргі күні көптеген елдерде қолданылып отырған жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жетілдірілген", - деді Ф. Мәмедов.

Изербайжан президенті Ильхам Илиевтің 2007 жылдың 25-қазанындағы қаулысына сәйкес Изербайжан Республикасының Салық министрлігі кәсіпкерлік қызмет субъектілерін "бір терезе" қағидасы бойынша тіркейтін жалғыз мемлекеттік орган болып танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны