12.06.2008, 17:19 2672

Изербайжандағы инвестициялық климат өте ауыр - Еуропалық Одақтың Изербайжандағы елшісі

Изербайжандағы инвестициялық климат өте ауыр - Еуропалық Одақтың Изербайжандағы елшісі

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Каспий іскерлік интеграциялық клубының отырысында Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы, Еуропалық Одақтың Изербайжандағы елшісі Алан Ваддамс жеке инвестиция үшін Изербайжандағы инвестициялық жағдай өте қиын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Neftegaz.RU ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

"Бюрократиялық бөгеттер бар. Дегенмен Изербайжанның Экономикалық даму министрлігі бұл бағытта жұмыс жасауда және бұның айқын дәлелі ретінде Изербайжанда бизнесті тіркеуге алу кезіндегі "бір терезе" қағидасын қабылдауды атауға болады. Егер де Изербайжанда инвестициялық жағдайды жақсарту жұмыстары әрі қарай жалғасатын болса, Еуропа елдері де екіжақты пайда алу үшін ақша салып, елдің адами, табиғи және басқа ресурстарын пайдаланатын болады", - деп мәлімдеді А. Ваддамс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны