21.07.2008, 09:17 1171

Изербайжанның "AzerSat" атты алғашқы байланыс жер серігін ғарышқа ұшыру үшін Түркия өзінің орбитадағы орнын ұсынады

Изербайжанның "AzerSat" атты алғашқы байланыс жер серігін ғарышқа ұшыру үшін Түркия өзінің орбитадағы орнын ұсынады

Баку. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанның "AzerSat" атты алғашқы байланыс жер серігін ғарышқа ұшыру үшін Түркия өзінің орбитадағы орнын ұсынады. Бұл туралы сенбі күні Изербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Или Аббасов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Министрдің хабарлауынша, бұл келісімге 2008 жылдың 19 шілдесінде Изербайжанның Байланыс министрлігінің делегациясының Түркияға сапары барысында қол жеткізілген.

Жоба құны - 80-100 млн АҚШ доллары. Ол 3-5 жылда ақталады деп жоспарланып отыр. Жер серігі 15 жыл пайдаланылады деп есептелген. Изербайжан өзінің байланыс жер серігінің ресурсының 20 - 25 пайызын ғана пайдаланып, қалғанын шетелдік операторларға сатуды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны