21.07.2016, 12:15 4269

Ұзынсудағы сібір жарасына қатысты карантин 26-шілдеге дейін жалғасады

Бұл туралы бүгін Павлодар облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Өсімдік пен жануарлар өнімдерін әкелу және әкету кезіндегі ветеринарлық бақылау" атты баспасөз-конференциясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетініӊ облыстық инспекциясыныӊ басшысы Рашид Нұрбеков мәлім етті.

Павлодар. 21 шілде. Kazakhstan Today - Ертіс ауданы Ұзынсу ауылындағы сібір жарасына қатысты карантин 26-шілде күні аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Павлодар облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Өсімдік пен жануарлар өнімдерін әкелу және әкету кезіндегі ветеринарлық бақылау" атты баспасөз-конференциясында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетініӊ облыстық инспекциясыныӊ басшысы Рашид Нұрбеков мәлім етті, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.

- Қазіргі күні бұл ауылда жануарлардыӊ жай-күйі қалыпты. Жаӊадан дертке шалдыққандар жоқ. Карантин белгілеген уақыттан бастап аудан бойынша сойылған барлық малдыӊ еті ҚР ауыл шаруашылық министрлігініӊ ұлттық ветеренариялық бақылау комитетіне тексеріске жіберілді. Ал, Ұсынзуда әзірге мал сойылған жоқ, - деді облыстыӊ бас ветеринар дәрігері.

Сондай-ақ, ветеринардыӊ айтуынша, Ертіс ауданы бойынша етті шетке тасымалдауға шектеу қойылмаған. Себебі, карантин тек Ұзынсы ауылында жарияланды.

Барлық ет санитарлы экспертизадан өтіп облыстыӊ басқа өӊірлеріне және Ресейге де тасымалданады.

- Мұндай еттермен қандай бір қиындықтар туған жоқ, - деп сендірді Рашид Нұрбеков.

Естеріӊізге сала кетсек, павлодарлық мамандар сібір жарасын жұқтырған үш оқиғаны растады. Олар 51 мен 30 жастағы ер адамдар және 31 жастағы келіншек. Кейін 51 жастағы ер азамат аталмыш дерттен көз жұмды. Бұдан басқа, Ертіс аудандық ауруханасына жатқызылған 24 адам үйлеріне қайтарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны