09.04.2009, 16:25 3146

Вадим Зверьков "Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Вадим Зверьков "Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басқармасының 2009 жылдың 2-сәуіріндегі шешімімен Вадим Зверьков "Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақтан үкіметі осы жылдың ақпан айында тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген ауқымы аясында дәрі-дәрмек түрлерін сатып алу және қамтамасыз етуде Бірегей дистрибьютордың міндетін атқару үшін арнайы заңды тұлға құру туралы шешім қабылдап еді. Фармацевтикалық нарықта бірегей оператор құруға аймақтардағы дәрі-дәрмек сатып алатын мекемелердің бағаны тепе-тең ұстай алмауы да себеп болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның кейбір аймақтарында денсаулық сақтау департаменттері отандық және шетелдік дистрибьюторлардан дәрі-дәрмектің бағасын 2-3 есе қымбатқа сатып алады. Яғни, мемлекет дәрі дәрмекпен қамтамасыз ететін компанияларға дәрінің өз бағасынан да артық ақша төлейді. Қазір фармацевтикалық нарықтың ауқымы 115 млрд.теңгеге сай болса, ондағы мемлекеттік сатып алу құны сол соманың 40 пайызына тең. Ал отандық дәрі өндірушілердің үлесі сол нарықтың бар-жоғы 10 пайызын құрайды. Статистикалық осы мәліметтер, мемлекеттің шетелдік дәрі-дәрмекке тәуелді екенін көрсетеді. Бұл тіпті ұлттық қауіпсіздікке қатысты дүние. Осыған байланысты, мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмек өндірісшілеріне жағдай жасап, жаңа өндірістер ашуға тапысырма берді.

Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры құрған бұл компания осы мәселелермен айналыспақ.

"Самұрық-Қазына Фармация" компаниясының жаңа басшысы Вадим Зверьков Ұлттық әл-ауқат қорына келгенге дейін "Сарыарқа" ИКК басқарған, Қазақстанның Израильдегі, Кипрдегі елшісі болған. Сыртқы істер, Көлік және коммуникация министрінің орынбасары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны