26.01.2015, 19:39 3970

Виктория Ганяны өлтірген қаныпезер басқа қылмыстарға қатысы барын мойындамай отыр

Қостанай облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 7 жасар Виктория Ганяныӊ өлімі бойынша сот талқылауы басталды

Қостанай. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қостанай облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 7 жасар Виктория Ганяныӊ өлімі бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі. Сот отырысы жабық режимде өтуде.

Бүгін, 26 қаӊтар күні Қостанай облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында жабық түрде 31 жастағы Қостанай тұрғыны Денис Лесниковқа қатысты басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, күдіктіге төрт адам өлтірді және бірнеше мәрте ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ Лесников өткен жылдыӊ сәуірінде Рудный қаласында көшеде құрбыларымен ойнап жүрген 7 жасар қызды өзімен бірге ертіп әкетіп, асқан қатыгездікпен өлтірген болатын.

Кішкентай қыздыӊ мүрдесі тек бір ай өткеннен кейін ғана құрылысы аяқталмаған коттеджден табылған еді.

"Лесников Виктория Ганяны өлтіргенін мойындап отыр, ал қалған кісі өлімі бойынша кінәсін мойындаған жоқ, - деп мәлім етті BNews.kz тілшісіне мамандандырылған соттыӊ баспасөз қызметінен. - Ұрлық жасағанын да мойнына алған жоқ".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны